Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мас жүргізуші қағып кеткен полицейдің қазіргі жағдайы белгілі болды

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мас жүргізуші қағып кеткен полицейдің жағдайы туралы айтты. Дәрігерлердің сөзінше, зардап шеккен азаматтың халі тұрақты ауыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 17 қазан күні сағат 23:40-та екі аяғы сынған, ішкі ағзалары жарылған, бас сүйек-мидың жабық жарақатын алған науқас №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Қазір ол жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

"Жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр",- дейді басқармадағылар.

Айта кетейік, осыған дейін экологиялық бекетте қызмет атқарып тұрған инспектор қарама-қарсы жолаққа шыққан жүргізушіні тоқтатпақ болғанын жазған едік. Қатты жылдамдықпен жүйткіген жүргізуші полицейді қағып кетті.

Кейінірек рөлде отырған 59 жастағы азамат ұсталды. Ол көлік құралын мас күйде басқарғаны анықталды. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 346 - бап бойынша тіркелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1937899-almatyda-mas-zurgizusi-qagyp-ketken-policeidin-qazirgi-zagdaiy-belgili-boldy/

pixel