Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды

Опубликовано:

Мәйіт
Көрнекі фото: ekaraganda.kz

Атырауда жоғалып кеткен 31 жастағы ер адам өлі күйінде табылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 31 жастағы ер адамға туыстарының шағымынан кейін іздеу жарияланған.

"Ер адам үйінен көлікпен кетіп, қайтып оралмаған. 16 қазанда із-түзсіз жоғалған 1990 жылғы ер адамның денесі Атырау қаласының маңындағы Талғайран-2 ауылында тұрғын үйдің ішінен табылды. Марқұмның көлігі қаланың өзге шағын ауданында табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодексінің 99-бабымен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937911-atyrauda-zogalyp-ketken-er-adam-oli-kuiinde-tabyldy/

pixel