RU

Қызылорда облысында экстремистік ұйымның белсендісі ұсталды

Қолынан кісен салынған ер адам
Көрнекі фото: piqsels.com

экстремистік ұйымның белсендісі қолға түсті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қызылордалық азамат елде тыйым салынған діни экстремистік ұйымды насихаттаған. Белгілі болғандай, ол тыйым салынған ұйымның шарттары мен дәстүрлерін ұстанған.

Сондай-ақ қызметін ұйымдастырып, діни алауыздықты қоздыратын және діни экстремистік деп танылатын ақпараттарды насихаттаған.

Күдіктіні облыстық полиция және ұлттық қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері анықтады. Ол - "Таблиғи жамағат" діни экстремистік ұйымының жақтасы, 48 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны. 

"Арнайы іс-шаралар материалдарын талдау барысында азамат Д-ның іс-әрекеттерінде құқық бұзушылықтың белгілері байқалғандықтан, оған қатысты іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілді. Қызылорда қалалық сотының үкімімен азамат кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына тартылып, пробациялық бақылауға алынды", – дейді Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 405-бабының 1-бөлігі бойынша (Қоғамдық немесе діни бірлестікке не өзге де ұйымға қатысты олардың экстремизмді немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты қызметіне тыйым салу немесе тарату заңды күшіне енген сот шешімі бола тұра, олардың қызметін ұйымдастыру) іс қозғалған болатын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937932-qyzylorda-oblysynda-ekstremistik-uiymnyn-belsendisi-ustaldy/