RU

Қазақстанда коронавирус бойынша алты өңір "қызыл" аймақта тұр

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

2021 жылғы 20 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

Оған сәйкес, "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

"Сары" аймақта Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.

Ал "жасыл" аймаққа Шымкент қаласы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары енген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937942-qazaqstanda-koronavirus-boiynsa-alty-onir-qyzyl-aimaqta-tur/