Қырғызстанның Жоғарғы соты Атамбаев ісі бойынша шешімін жоққа шығарды

Опубликовано:

Алмазбек Атамбаев
Алмазбек Атамбаев: Риа Новости

Қырғызстанның Жоғарғы Соты елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев ісіне қатысты қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевты заңсыз босату туралы шешімді жоққа шығарды, деп хабарлайды "Азаттық" радиосы.

Қорғаушы Сергей Слесаревтің айтуынша, бұл шешім 12 қазан күні қабылданған. 2020 жылы Жоғарғы сот бұған дейінгі шешімдердің барлығын жоққа шығарып, істі Бішкек қаласының Первомай аудандық сотының қарауына жіберген.

"Ол кездегі үкімдер жоққа шығарылған, себебі Алмазбек Атамбаевтың тараптардың өзара пікірталасына қатысу және соңғы сөзін айту бойынша процессуалдық құқығы бұзылған. Мұның барлығы іс материалдарында айтылған.

Енді прокуратура жаңадан пайда болған жағдаяттар бойынша істі қайта қозғау туралы өтініш жасауда. Бұл жағдаяттарға олар Атамбаевтың өзі сотқа қатысқысы келмегенін жатқызып отыр. Бірақ бұл енді ғана белгілі болған жағдай емес, бұл тек қана прокуратураның манипуляциясы.

Ал Жоғарғы сот болса осыны негізге ала отырып, өзінің шешімін жоққа шығару туралы шешім шығарып отыр. Бұл, әлбетте, заңсыз. Себебі, Жоғарғы сот іс бойынша ешқандай шешім шығарған жоқ, тек қана қайта қарауға ұсынды", - деп түсіндірді қорғаушы.

Қазіргі таңда, Қырғызстанның бұрынғы президенті Батукаев ісі бойынша сотталып, сот оны 11 жылға бас бостандығынан айырған. Одан бөлек, оның дүние-мүлкі тәркіленді.

Батукаевты бостандыққа шығару мәселесі Жоғарғы сотта қаралады. Бірақ, отырыстың қашан өтетіні әлі белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937966-qyrgyzstannyn-zogargy-soty-atambaev-isi-boiynsa-sesimin-zoqqa-sygardy/