Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шашымды жұлып жыладым": Екі жыл бұрын қызын жерлеген келіншек кіші ұлының өмірі үшін күресіп жатыр

Опубликовано:

Арслан мен Даяна
Арслан мен Даяна: Instagram

Алматы облысындағы Текелі қаласының тұрғыны Динара Райымқұлова төрт жасар ұлы Арсланның өмірі үшін күресіп жатыр. Биылғы наурызда Арсланға дәрігерлер қатерлі дерт дигнозын қойды. Бүлдіршін ақ қан ауруына шалдыққан. Ал осыдан екі жыл бұрын үлкен қызы Даянаны жер қойнына тапсырған Динара енді ұлынан айырылмау үшін жанұшыра көмек сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазіргі таңда Динара көптеген қазақ аналары секілді Түркияның Стамбул қаласындағы ауруханалардың бірінде баласын емдетіп жатыр. Оның ұлына жақын арада сүйек кемігін ауыстыру отасын жасатып, бірнеше химиялық терапия қабылдау керек.

«Барлығы күтпеген жерден басталды. Бірде ұлым ойын алаңынан аяғының ауырғанын айтып, қайтып келді. Кейін мұрынан қан кетіп, дене қызуы көтеріле бастады. Үлкен қызым, бүгінде мәңгілік мекеніне аттанған Даяна да ауырар алдында осындай белгілер берген. Мен қатты қорықтым, бірден ауруханаға апардық. Тап сол баяғы суық кереуеттер қайта қарсы алды. Өкініштісі сол, дәрігерлер ұлыма ақ қан ауруының ауыр түрі диагнозын қойды. Қызымнан айырылып, әлі есімді жиып үлгермеген мен үшін бұл өте ауыр соққы болды. Мұны естігенде шашымды жұлып, айғайлап жылай бердім», -дейді Динара.

Динараның үлкен қызы Даяна елдегі дәрігерлердің дұрыс диагноз қоймауы салдарынан көз жұмды. Ол қызы үшін Түркияға аттанғанымен, өте кеш еді.

«Қызым Даяна анемияның ауыр түріне ұшырады. Яғни, қан ауруы айналшықтар жүр бізді. Даянаны емдету үшін Қазақстанда көп жатып қалдық. Ал кейін Түркияға апарғанымда, уақыттан қалғанымды түсіндім. Түрік дәрігерлері тәуекелге барып, ота жасады. Бірақ кеш болып кетті. Қызымды құтқара алмай қалдым. Ешкімді кінәламаймын, Алланың ісі. Араға аз уақыт салып ұлым да лейкозға ұшырағанда ештеңеге қарамастан, айналамнан ақша жинап, Түркияға ұшып кеттім. Өйткені, ұлымнан да айырылып қалғым келмейді», - дейді жанын шүберекке түйген ана.

Бүгінде төрт жасар Арслан Раевты химия терапия мен ауыр ота күтіп түр. Шетелдік дәрігерлер мұның бәрін 135 мың АҚШ долларына бағалап отыр.

«Арсланның сүйек кемігін ауыстыру керек. Бүгінде аты жаман ауру ұлымның басына шауып бара жатыр. Жедел ота жасамаса, ұлымның жағдайы не болатыны бір құдайға аян. Біз қарапайым ғана жанұямыз. Бізде мұндай ақша жоқ. Оның үстіне, донор да табылмай жатыр. Мен бір баламды Аллаға қайта бердім, енді ұлымды аман алып қалу үшін көмектесіңіздерші. Жалынып сұраймын», - дейді Динара Райымқұлова.

Арсланның еміне көмек көрсетем деушілер үшін реквизиттер:

Kаспий голд:

Тел: 8 707 814 86 15

5169 4971 8025 6574

Dinara Raimkulova (анасы)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1937984-sasymdy-zulyp-zyladym-eki-zyl-buryn-qyzyn-zerlegen-kelinsek-kisi-ulynyn-omiri-usin-kuresip-zatyr/

pixel