RU

Солтүстік Қазақстанда бір жыл ішінде тұрғындар саны 6 мың адамға азайған

Халық санағы
Көрнекі фото: ic24.kz

Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындар саны бір жылдың ішінде 6 мың адамға азайып отыр деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО экономика басқармасының мәліметінше, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста 540 мың адам бар. Былтыр осы кезеңде тұрғындар саны 546 мың болған.

Халық санының кемуіне көші-қонның азаюы негізгі себеп болған. Биыл қаңтар-тамыз айлары аралығында өңірден 3 008 адам кеткен. Былтырғы көрсеткіш – 2 413 адам.

2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында облысқа келгендердің де кеткендең де саны азайған. Мәселен өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, келгендердің саны 9,6 %-ға, ал кеткендердің саны 3,1 %-ға қысқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1937985-soltustik-qazaqstanda-bir-zyl-isinde-turgyndar-sany-6-myn-adamga-azaigan/