Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен ұшып келді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына келді
Фото: Instagram/berikuali

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің ресми Instagram парақшасында хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жезқазған қаласында Жәйрем полиметалл кен байыту фабрикасын ресми іске қосу рәсіміне қатысады.

Сонымен қатар «Қазақмыс» компаниясының Жезқазған өңірін әлеуметтік тұрғыдан дамыту және оның минералдық шикізат базасын кеңейту жөніндегі жоспарымен танысады.

Бұдан бөлек Президент дарынды балаларға арналған, мамандандырылған «Өркен» мектеп-интернатына және Ұлытау ауданындағы «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне барады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938004-toqaev-qaragandy-oblysyna-zumys-saparymen-keldi/

pixel