RU

Алдағы үш жылда Ұлттық қорға қанша ақша түседі: Министр болжамын айтты

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев 2022-2024 жылдары ұлттық қорға түсетін түсімге болжам жасады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

"Болжам бойынша 2022 жылы ұлттық қордың таза кірісі 445 миллиард теңгені, 2024 жылы 1,5 триллион теңгені құрайды. Бұл, сондай-ақ, ұлттық қордың валюталық активтерінің ұлғайына оң әсер етеді. Біз  қордың валюталық активтері 2022 жылы 55,3 миллиард АҚШ долларынан 2024 жылы 61,6 миллиард АҚШ долларына дейін ұлғаяды деп болжап отырмыз", - деді Ерғалиев мәжілістің жалпы отырысында.

Мәжілістің жалпы отырысында "ұлттық қордан 2022–2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасы қаралды. Заң жобасы бюджет кодексінің 24-бабына сәйкес әзірленді.

Құжатқа сәйкес, ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферт мөлшері 2022 жылы 2,4 триллион теңге, 2023 жылы 2,2 триллион теңге, 2024 жылы 2 триллион теңге болып бекітілді.

Кепілдендірілген трансферт республикалық бюджеттен ынтымақты зейнетақы мен мемлекеттік базалық зейнетақыны төлеуге жұмсалады.

Мәжіліс депутаттары заң жобасын мақұлдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938025-aldagy-us-zylda-ulttyq-qorga-qansa-aqsa-tusedi-ministr-bolzamyn-aitty/