Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда сегіз жасар оқушы жоғалып кетті (фото)

Опубликовано:

Клим
Фото: instagram.com/kris_p_brothers_official

Алматыда сегіз жасар бала із-түзсіз жоғалып кетті. Полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Клим есімді 8 жастағы бала жоғалып кетті. Бүгін сағат таңғы алтыда, ата-анасы ұйықтап жатқан кезде үйден шығып кеткен. Үстінде қою жасыл түсті камуфляж күрте бар. Сондай-ақ, қара түсті спорттық шалбар киген. №90-мектептің ауданында тұрады", - делінген kris_p_brothers_official Instagram парақшасындағы хабарламада.

Аккаунт иесі баланың қайда екенін білетіндер болса анасына +7 705 167 0178 нөмірі арқылы хабарласуды өтінген.

Ал полицияның мәліметінше, тәртіп сақшылары оқушының жоғалып кеткенінен хабардар.

"Іздестіру жұмыстары жүріп жатыр", - деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбеде сабақтан үйіне қайтарда жоғалып кеткен 3-сынып оқушысы табылғанын жазған едік.

Сондай-ақ, Алматы облысы Қарасай ауданының 15 жастағы тұрғыны із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Кейін полиция қызметкерлері оқушы қызды 11 күннен кейін Қаскелеңнен Алматыға бағыт алған автобустан тапқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938029-almatyda-segiz-zasar-oqusy-zogalyp-ketti/

pixel