Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қайта вакциналау қандай қаражат есебінен жүзеге асырылатыны белгілі болды

Опубликовано:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәжілістегі жиында елімізде өтетін қайта вакциналау науқаны қандай қаражат еесебінен жүзеге асырылатынын айтты, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Бұл мәселені депутат Жәмилә Нұрманбетова көтерді.

"2021 жылдың қараша айының үшінші декадасында қайта вакциналауды өткізу туралы шешім шығарылды. Бұл ретте коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет қалыптастыру мақсатында вакцина алуға тиісті контингентті 9,9 млн адамнан 11,4 млн адамға дейін жеткізу көзделіп отыр.

Бұл ұжымдық иммунитет деңгейін 60%-ға жеткізуге мүмкіндік бермек. Алайда 2022-2024 жылғы республикалық бюджет жобасында вакцина сатып алуға және қайта вакциналау науқанын өткізуге бюджеттік қаражат қарастырылмаған. Вакцина (қайта вакциналау үшін - ред.) қандай қаражат есебінен сатып алынатынын айтыңызшы?", - деді ол.

Ералы Тоғжановтың айтуынша, қараша айының үшінші декадасынан бастап, коронавирусқа қарсы қайта вакциналау өткізу жоспарланып отыр. Бірінші кезекте, вакцина алдыңғы шепте жүрген дәрігерлер, мұғалімдер, сонымен бірге жасы 60-тан асқан кісілерге салынбақ.

"Олар жыл соңына дейін толығымен вакцинамен қамтылатын болады. Тұтас алғанда 800 мың адамды қамту жоспарда бар. Оның ішінде жылдың аяғына дейін 100 мың адам вакцина алатын болады. Одан кейін вакцина салу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

Келесі жылы 2 млн адамға салынады деп көздеп отырмыз. Қазақстанның барлық тұрғыны, сонымен бірге қайта вакциналау кезеңінде де вакцинамен қамтылатын болады", - деді вице-премьер.

Алайда мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллин шенеуніктен жауабына қанағаттанған жоқ.

"Сұрақ басқаша болды ғой. Қайта вакциналау қалай өтетіні туралы емес. ВАК-тың қалай жұмыс істейтінін білеміз. Сұрақ төтесінен қойылды. Қайта вакциналау үшін 2022-2024 жылдарға бюджетте қаражат қарастырылмаған. Вакцинаны қандай қаражат есебінен алуда жоспарлап отырсыздар? Қаражат қордан алына ма? Қайдан алады?" - деп сұрады ол.

Ералы Тоғжанов коронавирусқа қарсы қайта вакциналау үшін қаражат үкімет қорынан бөлінетінін айтты.

Еске салсақ, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирусқа қарсы қайта вакциналау науқаны өтетінін мәлімдеген болатын. Ведомство, бұдан бөлек, қайта вакциналаудан өткісі келмейтін қазақстандықтарға қандай шектеу қойылатынын да айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938039-qazaqstanda-qaita-vakcinalau-qandai-qarazat-esebinen-zuzege-asyrylatyny-belgili-boldy/

pixel