Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда жас жігіттер әсерлі фото түсіру үшін көпірдің аркасына көтерілген (видео)

Опубликовано:

Жастар
Видеодан кадр: polisia.kz

Елордада ерекше суретке түсу үшін көпірдің аркасына көтерілген жас жігіттерге әкімшілік хаттама толтырылды деп жазады Polisia.kz.

Сайттың мәліметінше, полицияның "102" нөміріне куәгерлердің бірі қоңырау шалып, үш бейтаныс адамның Қабанбай батыр даңғылында орналасқан көпір аркасына мініп алғанын айтқан.

Оқиға орнына тез арада тәртіп сақшылары жіберілген. Құқық қорғаушылар үш жігітті полиция бөлімшесіне жеткізген. Олардың 18-19 жаста екені анықталды.

Тәртіп бұзушылардың сөзінше, олар мұндай қадамға елорда толық көрінетіндей әсерлі фотоға түсу үшін барған.

Одан бөлек, жастармен қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938055-nur-sultanda-zas-zigitter-aserli-foto-tusiru-usin-kopirdin-arkasyna-koterilgen-video/

pixel