Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан қаласының атауы өзгеретіні рас па: Әкімдік жауап берді

Опубликовано:

Түркістан1
Фото: Түркістан қаласының әкімдігі

Әлеуметтік желілерде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қала атауын өзгерту туралы ұсыныс жасағаны жөнінде ақпарат тарады. Бұған қатысты өңірлік әкімдік пікір білдірді деп хабарлайды Отырар телеарнасы.

"Түркістан облысының әкімі Түркістан қаласының атауын өзгертуді ұсынды", - делінген желіде тараған ақпаратта.

Осыған қатысты пікір білдірген облыстық әкімдік ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жаза қарастырылғанын ескертеміз", - деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Павлодар қаласының атауы өзгеретіні туралы мәлімет талқыланған. Алайда әкімдік мұндай мәселе көтерілмегенін хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938083-turkistan-qalasynyn-atauy-ozgeretini-ras-pa-akimdik-zauap-berdi/

pixel