Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада қарамағындағы қызметкерге қол көтерген желілік полиция бөлімінің басшысы қызметінен кетті

Опубликовано:

Полиция қызметкері
Желіде тарап кеткен видеодан кадр: instagram.com/efir.kefir/

Әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтан қаласы желілік полиция бөлімінің басшысы қоластындағы қызметкерге қол көтерді деген видео тараған еді. Осыған қатысты полиция тексеріс жүргізіп, фактінің расталғанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20 қазанда желіде жарияланған видеоның сипаттамасында формадағы қызметкерге қоқан-лоққы көрсетіп, қол көтерген ер адам елордалық әуежайдың желілік полиция бөлімінің басшысы екені жазылған болатын.

Аталған факті бойынша көліктегі полиция департаменті қызметтік тексеріс жүргізген. Нәтижесінде бұл дерек расталған.

"Көліктегі полиция департаментінің бұйрығымен желілік полиция бөлімінің бастығы, сонымен қатар оның кадр саясаты жөніндегі орынбасары қызметінен босатылды.

Сондай-ақ, көліктегі ПД басшылық қатарына кіретін қызметкерлерге қатысты да тәртіптік сипаттағы шаралар қолданылды", - деп хабардар етт ведомстводан.

Полиция департаменті бұл жағдайды шектен шыққандық деп атап, мұндай қызметкерлерге құқық қорғау органдарында орын жоқ екенін мәлімдеді.

"Көліктегі полиция департаментінің басшылығы бұл жағдай шектен шыққандық әрі бұған жол беруге болмайды деп есептейді және қызметтік-әскери тәртіпті бұзатын басшылар мен қызметкерлерден өз қатарын тазарту принципін ұстанады", - деді ведомство.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938091-qaramagyndagy-qyzmetkerge-qol-kotergen-nur-sultan-zelilik-policiya-boliminin-bassysy-qyzmetinen-ketti/

pixel