Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жел, жаңбыр, көктайғақ: Еліміздің 6 өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

күз77
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК өкілдері еліміздің 6 өңірінде дауылдық ескерту жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, 21 қазанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ, бұрқасын болып, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз басым бөлігінде желдің күші 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

21 қазанда Петропавл қаласында күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күші 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

21 қазанда күннің екінші жартысында Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарда қатты жаңбыр жауады. Одан бөлек, жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, түнде таулы аудандарда күші 15-20, күндіз 15-20, 23 м/с дейін жетуі ықтимал.

21 қазанда Шымкент қаласында күннің екінші жартысында қатты жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

21 қазанда Түркістан қаласында күндіз оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

21 қазанда Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

21 қазанда таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с дейін жетіп, шаңды дауылға ұласуы ықтимал.

21 қазанда күннің екінші жартысында Ақмола облысының солтүстік-батысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік батысқа ауысып, күші 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

21 қазан Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, түнде облыстың шығысыңда көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938093-zanbyr-koktaigaq-elimizdin-6-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel