RU

ШҚО-да иіс тиген бір отбасының төрт мүшесі ауруханаға түсті

уытты
Фото: instagram.com/shygysqaz_tjd

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауылында иіс тиген бір отбасының төрт баласы ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы ШҚО төтенше жағдайлар департаменті Instagram парақшасында хабарлады.

ТЖД мәліметінше, 20 қазанда Глубокое ауылында бір отбасы иіс газынан уланып қалған. Олар 21, 19, 15 және 11 жастағы тұрғындар.

15 жастағы қыздың жағдайы ауыр, қалғандарының жағдайы орташа деп бағалануда. Бәрі ауруханаға жатқызылған.

ТЖД өрт сөндірушілер тамыз айында осы үйдің тұрғындарына пешті жылыту маусымына дайындау қажет екені туралы ескерткен, бірақ үй иелері өрт сөндірушілердің кеңесіне құлақ аспаған көрінеді.

Белгілі болғандай мамандар тұрғын үйдегі көміртегі тотығының құрамын арнайы аспаппен өлшеген. Аспап улы газдың бар екенін көрсеткен. Осыдан соң бөлмелерді желдетіп және пешті пайдалану кезінде бұзушылықтарды жою бойынша кеңестер берілген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодар облысында бүтін бір отбасы ыстан уланып қалғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938104-sygys-qazaqstanda-bir-otbasy-ulanyp-qaldy/