Атырауда алтыншы қабаттан құлаған 5 жасар қыз ауруханада көз жұмды

Опубликовано:

Терезе
Көрнекі фото: vsluh.ru: UGC

Атырауда 6-қабаттан құлаған 5 жасар қыз ауруханада көз жұмды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бүгін, 20 қазанда сағат 15:05-те жедел жәрдемге шақырту түскен.

"Бүгін облыстық балалар ауруханасына Атырау қаласындағы «Нұрсая» шағын ауданында орналасқан тұрғын үйдің 6-қабатынан құлаған 5 жасар қыз жеткізілді. Жансақтау бөліміне түскенде оның жағдайы өте ауыр болды. Науқаста жабық бас-ми жарақаты болған. Жамбасы сынған, ішкі ағзасы зақымданған. Дәрігерлер 5 жасар қыздың өмірін сақтап қалу үшін емдеу шараларын жүргізді. Алайда, ауыр жарақат алған науқас жансақтау бөлімінде көз жұмды" , -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938110-atyrauda-altynsy-qabattan-qulagan-5-zasar-qyz-auruxanada-koz-zumdy/