RU

Алматыда із-түзсіз кеткен 8 жасар оқушы табылды

мектеп
Көрнекі фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Алматыда жоғалып кеткен 8 жасар бала табылды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлім етті.

Клим есімді баланың жоғалып кеткені туралы сәрсенбі күні әлеуметтік желілерден белгілі болды. Хабарландыруда жасөспірімнің таңертен ата-анасы ұйықтап жатқанда үйден шығып кеткені жазылған.

Желі қолданушылары дабыл қағып, өз парақшаларында баланың жоғалғанын хабарлады.

"Бала табылды, аман-есен және дені сау. Біздің қызметкерлер жеткіншекті ата-анасына тапсырады. Үйден кетуінің себебі - далада серуендегісі келген екен. Солай деп түсіндірді. Кәмелетке толмаған баламен және оның заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізіледі", - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938119-almatyda-iz-tuzsiz-ketken-8-zasar-oqusy-tabyldy/