RU

Қызылордада тұрғындарды пәтер алып беремін деп алдаған алаяқ қолға түсті

Кісен
Көрнекі фото: pixabay.com

Қызылордалықты “пәтер алып беремін” деп алдаған алаяқ ұсталды деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

18 қазанда Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қала тұрғыны арыз түсірген болатын. Белгілі болғандай, жылдың басында қаңтар айының 10 күні белгісіз азамат қала орталығының арзан бағамен пәтер алып беремін деп, баспана алуға жәрдемдесуге уәде беріп, 1 миллион 340 мың теңге көлемінде ақшасын алдап алған.

Көп ұзамай арызданушы ешқандай нәтиже көрмей, ақшасын қайтаруды талап етеді. Бірақ алаяқ құрғақ уәдемен ауыз толтырып, алған ақшаны қайтаруға еш асықпады.

Қылмысты ашу барысында қалалық Полиция басқармасының тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 35 жастағы қала тұрғыны құрықталды.

Аталған дерек бойынша, Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) бойынша таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938121-qyzylordada-turgyndardy-pater-alyp-beremin-dep-aldagan-alayaq-ustaldy/