Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұмсақ жерінен ұрады": БҚО тұрғындары балаларын үйден шығаруға қорқып отыр

Опубликовано:

БҚО
Видеодан кадр: Астана телеарнасы

Батыс Қазақстан облысындағы Бәйтерек ауданына қарасты Достық аулының тұрғындары балаларын мектепке жіберу түгілі, үйден шығаруға қорқып отырғанын айтады. Ата-аналардың сөзінше, ересектер алтыншы, тоғызыншы сынып оқушыларын соққыға жығуды әдетке айналдырған деп хабарлайды Астана телеарнасы.

"Балалардың денесіне дақ түсірмей, бүйрегінен, жұмсақ жерінен ұрады. Тіпті бетінен ұрғанда өзіне ыңғайлы болуы үшін оқушыларды отырғызып қойған. Ұлыма белгісіз біреулер телефон шалып, үйден жиі кетіп қалады. Кім шақырып жатқанын да айтпайды. Ұрғандардың ішінде жоғары сынып оқушылары, мектеп түлектері, тіпті студенттер де бар", - дейді зардап шеккен оқушының анасы Наталья Коркина.

Ата-аналардың айтуынша, бұл қылығын ересектер "тәрбие жұмысы" деп түсіндірген көрінеді. Яғни жасы кіші балалардан үлкендерге ұдайы амандасып, сыпайы болуды талап еткен. Ал бұған көнбегендерді соққыға жығып, қалғандарын қорқытып-үркітуге кіріскен. Амалы таусылған ата-аналар полицияға шағымданып, арыз жазған.

Мектеп директоры болса мұны теріске шығарған. Ол ата-аналар асыра сілтеді деп отыр. Полиция білім ордасындағы жағдай бақылауда екенін айтады.

"Бір-бірімен келіспей, сөзге келіп қалған. Соның ішінде бір-біріне бір-бір шапалақтан берген. Ол болған. Бірақ біз бұл мәселені көтеріп, содан кейін балалармен де сөйлестік, ата-аналармен де сөйлестік. Балалар бір-бірінен кешірім сұрап, өздерінің қателіктерін шешіп, сондай жағдай болды", - дейді Бәйтерек ауданы білім беру бөлімі "Достық" ЖОМ директоры Светлана Голубева.

Е. Карин

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938128-zumsaq-zerinen-urady-bqo-turgyndary-balalaryn-uiden-sygaruga-qorqyp-otyr/

pixel