Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жыл бойы қабылдау қажет": Алматылық дәрігер D дәруменінің пайдасы жайлы айтты

Опубликовано:

Дәрі
Көрнекі фото: pixabay.com

Күзде күн сәулесінің жеткілікті түспеуіне байланысты көптеген адамда D дәруменінің тапшылығы туындайды. Осы орайда Алматы қаласындағы №7 қалалық клиникалық аурухананың эндокринология бөлімінің меңгерушісі, эндокринолог-дәрігер Инабат Бектаева KAZ.NUR.KZ оқырмандарына дәрігермен кеңескеннен кейін D дәруменін қабылдауды ұсынды.

Инабат Бектаеваның сөзінше, D дәрумені ағзада ультракүлгін сәулеленудің әсерінен түзіледі.

Бірақ қазіргі уақытта бұл дәруменнің қажетті мөлшерін алу үшін күн астында ұзақ болу мүмкін емес. Сол себепті маман D дәруменін профилактика үшін үзіліссіз қабылдауға кеңес береді.

D дәруменін жаңғақ, балық, авокадо және басқа да майлы тағамдармен бірге қабылдаған дұрыс.

"D дәруменін жыл бойы қабылдау қажет. Дәрігер препараттың дозасын қандағы деңгейін анықтағаннан кейін тағайындайды. Дәрумен деңгейін анықтамай-ақ қабылдауға болатын профилактикалық доза ересек адам үшін 2000МЕ, бала үшін 500МЕ. Бірақ бүйрегіңізде мәселе болса, доза тәулігіне 5000МЕ-ден аспауы керек екенін есте ұстау қажет", - дейді Инабат Бектаева.

Эндокринологтың айтуынша, D дәруменін шамадан тыс қабылдау артериялық гипертензияның дамуына әкелуі мүмкін.

Назар аударыңыз! Жоғарыда көрсетілген емдеу әдісін дәрігермен алдын ала кеңесіп барып қолдану керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1938133-kuzde-d-darumeni-qalai-aluga-bolady/

pixel