Коронавирус: Бір өңір қайтадан "қызыл" аймаққа өтті
Опубликовано:

Еліміздегі эпдемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, Алматы облысы "сары" аймақтан "қызыл" аймаққа өтті деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы.
Одан бөлек, Қызылорда облысында эпидемиологиялық жағдай жақсарып, өңір "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа ауыссқан.
Жалпы алғанда ел аумағындағы жағдай келесідей:
- "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Алматы, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары;
- "сары" аймақта Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары;
- "жасыл" аймақта Шымкент қаласы мен Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары тұр.
Еске сала кетсек, өткен тәулікте елімізде 1844 адамнан коронавирус анықталды. Жел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 923 060-қа жетіп отыр.
Сонымен бірге, өткен тәулікте 1984 адам дерттен жазылып шыққан.
Қазіргі уақытта елімізде 51 318 адам COVID-19 инфекциясынан емделуде, оның ішінде 8 851 пациент стационарда, 42 467 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
634 адамның жағдайы ауыр, 165 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 103 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938146-koronavirus-bir-onir-qaitadan-qyzyl-aimaqqa-otti/