RU

Қостанайда жол жөндеу кезінде ондаған миллион қаражаттың жымқырылғаны белгілі болды

Жол жөндеу
Видеодан кадр: ҚР Қаржылық агенттігі

Қостанайда жол жөндеу кезінде 27 млн теңге астам қаражаттың жымқырылғаны анықталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тергеу нәтижесінде мердігер "Galara" ЖШС мен Қостанай әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арасында Набережная көшесін жөндеу туралы 612 миллион теңгеге келісімшарт жасалған.

Серіктестіктің бас директоры ТКШ бөлімінің инструкторымен бірлесе отырып, мүлдем көрсетілмеген қосымша қызметтер үшін орындалған жұмыстардың жалған актісін жасаған.

Нақтырақ айтқанда, құмды-тасты қоспа, ірі құм секілді негізгі төселетін материалдар бойынша жалған құжат әзірленген.

Жалған акт негізінде ЖШС-ның есептік шотына 27 миллионнан астам теңге көлемінде қаражат аударылған.

Кәсіпорын директоры мен ТКШ қызметкері 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938198-qostanaida-zol-zondeu-kezinde-ondagan-million-qarazattyn-zymqyrylgany-belgili-boldy/