Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында орманда адасып кеткен ерлі-зайыпты іздестіріліп жатыр

Опубликовано:

Ерлі-зайыптылар
Фото: Ақмола облысы ПД

Ақмола облысында еріктілер мен полиция қызметкерлері орманда адасып қалған ерлі-зайыптыны іздестіріп жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құзырлы органның мәліметінше, 20 қазан күні түнгі сағат 12 шамасында Зеренді аудандық полиция бөліміне Айдабол аулының 36 жастағы тұрғынынан қоңырау түскен.

Ол 66 жастағы әкесі Қайыржан Баялин мен 67 жастағы анасы Алтынай Баялинды іздеуге көмектесуді өтінген.

Ерлі-зайыптылар Сандықтау ауданы Құмдыкөл аулында тұрады.

20 қазанда зейнеткерлер жазық даламен Зеренді ауданы, Қошқарбай ауылына қарай бет алып, Викторовка ауылының маңындағы орманда адасып кеткен. Олар бұзылып қалған Honda көлігін жолда қалдырған.

Отбасылық жұпты іздеу жұмыстарына ондаған адам атсалысып жатыр. Алайда әзірге еш нәтиже жоқ.

"Жоғалғандар жайлы қандай-да бір мәлімет білетін жандар болса, 102 нөміріне хабарласуды өтінеміз", - дейді Ақмола облысының полиция департаменті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда сегіз жасар оқушының жоғалып кеткенін жазған едік. Ер бала ата-анасы ұйықтап жатқан кезде үйден шығып кеткен.

Кейінірек, Алматы қаласының полиция департаменті баланың аман-есен табылғанын хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, оқушы серуендегісі келіп, үйінен кетіп қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938200-aqmola-oblysynda-kuieui-men-aieli-ormanda-adasyp-ketti/

pixel