Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Pfizer вакцинасы кімдерге салынады: Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: Smith Collection/Gado/Getty Images

Еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов қазақстандықтарды Cominarty (Pfizer/BioNTech) екпесімен вакцинациялауға қатысты әдістемелік ұсынымдарды бекітті. Жаңа қаулы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында жарияланды.

Жалпы екі құжат қабылданған.

Бірінші құжатта бас санитарлық дәрігер Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мен облыс әкімдеріне 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, сондай-ақ жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарға коронавирусқа қарсы вакцина салуды үйлестіруді тапсырған.

Сонымен қатар, Қиясов жаңа вакцинаның келуіне байланысты екпе егу пункттері мен мамандарды дайындауды, сондай-ақ, кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдердің мұғалімдеріне, ата-аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне коронавирусқа қарсы вакцинация туралы ақпарат беруді тапсырды.

Екінші құжатта коммерциялық атауы Cominarty Pfizer/BioNTech вакцинасы м-РНҚ негізіндегі вакцина екені көрсетілген. Оның құрамында иммундық қорғаныс тудыратын вирус жоқ және COVID-19-ды қоздыра алмайды.

Тізімде көрсетілген адамдарға осы вакцина салынады:

  • 12 жастан асқан жасөспірімдерге;
  • аяғы ауыр әйелдерге жүктіліктің 16-37 аптасы аралығында;
  • босанғанына 42 күн өткеннен кейін бала емізетін әйелдерге.

Сонымен қатар, құжатта вакцинация алдында коронавирус пен антиденелердің бар-жоғын анықтайтын тест жасаудың қажеті жоқ екені айтылған.

Одан бөлек, қаулыда вакцинаны сақтау және тасымалдау шарттары да жазылған. Препаратты аса төмен температурада -60 градустан төмен; төмен температурада -15-25 градус; +2-8 градус температурада сақтауға және тасымалдауға болады.

Қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енді.

Құжаттың толық мәтінімен осы сілтеме арқылы танысуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938236-pfizer-vakcinasy-kimderge-salynady-bas-sanitarlyq-darigerdin-zana-qaulysy-syqty/

pixel