Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19: Алматыда дельта штамының бес мутациясы анықталды

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматыда коронавирустың дельта штамының 15 мутациясы анықталды. Бұл туралы бүгінгі брифингіде қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Біз ауру кесіндісін өткізіп тұрамыз. Соңғы рет 88% дельта штамында басымдық болды. Клиниканы есепке алғанда, Алматы қаласында 95% дельта штамы басымдық көрсетіп отыр. Дельта+ штамы бойынша жұмыс істеп, қандай өзгерістер болатынын бақылап отырмыз.

Қыркүйекте дельта штамының 15 мутациясын анықтадық. Абырой болғанда, бұл мутациялар эпидемиологиялық мәнге ие болған жоқ, сондықтан оның өзгерісіне әсер етпеді",- деді Бекшин.

Айтуынша, бұрын науқастардан диарея, жүрек айну мен құсу сияқты белгілер көп байқалса, соңғы уақытта клиника өзгерген. Қазір нейротоксикалық синдром басым.

"Қала тұрғындарына айтарым, тек желідегі ақпаратқа сүйенетін, тиісті білімі жоқ тұлғаларды тыңдамаңыздар. Коронавирустан жазылған адамдардан кеңес алыңыздар, олар екпе егу дұрыс екенін растайды. Аурудан жазылғандар есте сақтау қабілеті аздап азайғанын айтады. Коронавирустан кейінгі синдром, аурудан кейінгі асқыну да пайда болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938243-covid-19-almatyda-delta-stamynyn-bes-mutaciyasy-anyqtaldy/

pixel