RU

Бекшин Алматыдағы эпидемиологиялық ахуалға жаңа болжамын жария етті

Екпе
Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жанбарбек Бекшин бүгінгі өткен брифинг кезінде Алматы қаласындағы эпидемиологиялық ахуалға қатысты болжамды жария етті. Ол жағдай тұрақталғанын және аурудың таралу қарқыны бәсеңдегенін мәлімдеді, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, Алматыда COVID-19 инфекциясын жұқтыру бәсеңдеп, жағдай тұрақталып келеді.

"Дельта-штамының таралуынан туындаған төртінші толқынның өршіген шағында күніне 1700 адам ауру жұқтыратын. Жұқтыру деңгейі қазіргідей төмендей берсе, ай соңына қарай күніне 300-ден аз адам ғана коронавируспен ауыратын болады деп болжап тырмыз. 100 мың адамға шаққандағы апталық ауру жұқтыру көрсеткіші де азайған. Бұл ретте инфекцияның таралу индексі 0,9 деңгейінде сақталып, тәуліктік өсім 0,22-ден 0,18-ге дейін төмендеген", - деді Бекшин.

Бұдан бөлек, қаланың бас санитары аурудың таралу деңгейінің тұрақталуы халықтың иммундық қорғанысының арта түсуіне тікелей байланысты екенін еске салды. Бүгінгі таңда бұл деңгей 54%-ға тең.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938257-beksin-almatydagy-epidemiologiyalyq-axualga-zana-bolzamyn-zariya-etti/