Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда тұрғындарға газ бүркіп, елді дүрліктірген бұзақы қамауға алынды

Опубликовано:

Газ баллоны
Көрнекі фото: rossaprimavera.ru

Шахтинск қаласының 41 жастағы тұрғыны көшеде кетіп бара жатқан адамдарға баллоннан газ шашқан. Бұзақы қамауға алынды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ер адам негізінен Қарағандының сауда үйлерінде өтіп бара жатқан адамдарға шабуылдаған. Ол ешқандай себепсіз баллоннан газ бүркіп, қорқытқан. Осы әрекеттері үшін оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Тәртіп сақшылары оны бұған дейін де жауапқа тартқан.

"О.Максимовқа Бұқар Жырау даңғылы бойындағы "Мини Маркет" дүкенінің жанында қоғамдық орында былапыт сөйлеп, адамдарға тиіскені үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылғаны анықталды. Бұған дейін ол ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі, 434-бабының 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылған.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ӘҚБтК-нің 434-бабы 2-бөлігі бойынша он бес тәулікке дейінгі мерзімге қамау түріндегі жаза көзделген.

Максимовтың осыған ұқсас құқық бұзушылықтар жасағаны үшін бұрын бірнеше рет жауапқа тартылғанын ескере отырып, сот оған 15 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде жаза қолданды", - деп хабарлады Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.

Әкімшілік жазадан басқа, ер адам психо-неврологиялық ауруханада мәжбүрлеп емделуге жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938261-qaragandyda-turgyndarga-gaz-burkip-eldi-durliktirgen-buzaqy-qamauga-alyndy/

pixel