Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналық азамат үш баласымен үйде қамалып, полицейлерге қоқан-лоққы көрсеткен

Опубликовано:

полицей
Көрнекі фото: polisia.kz

Астанада полицейлерге қарумен қоқан-лоққы көрсеткен тұрғын ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 қазан күні таңертең полицияның 102 пультіне кішкентай баладан хабарлама түскен. Ол әкесі анасын ұрып жатқанын айтады.

Патруль тез арада оқиға орнына келіп жеткен. Айтматов көшесінің бойында орналасқан үй алаңында 45 жастағы әйел отырыпты. Ол күйеуі өзін ұрып, көшеге қуып жібергенін айтқан.

Полицейлер үшінші қабатқа көтеріліп, көрсетілген пәтердің есігін қаққан. Ал үй иесі кімде-кім жақындаса, оқ ататынын мәлімдеген.

Бұл уақытта пәтерде кәмелет жасқа толмаған үш бала болған.

Тәртіп сақшылары 39 жастағы азаматты ұстап, ресми тіркелген тегіс ұңғылы қаруды тәркіледі.

Ол полицияға жеткізілді. Азаматтың әрекетіне құқықтық баға беріледі. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938290-astanalyq-azamat-us-balasymen-uide-qamalyp-policeilerge-qoqan-loqqy-korsetken/

pixel