RU

Атырау облысында жол апатынан полицей қаза тапты

Нұрсұлтан Қабдолов
Фото: azh.kz

Атырау-Орал тас жолында жол апатынан полицей қаза тапты. Оқиға 20 қазан күні таңғы сағат 5-те болған.

"Ақ Жайық" басылымының дерегінше, Toyota Ipsum мен Lada Priora көліктері жолға шығып кеткен сиырмен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасынан Lada Priora көлігін жүргізіп келе жатқан Махамбет ауданының учаскелік инспекторы Нұрсұлтан Қабдолов қаза тапқан.

Атырау облысы полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-тармағы (Адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Марқұмның артында әйелі мен кішкентай баласы қалды.

Еске салайық, осыған дейін Алматыда мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып кеткенін хабарлаған едік. Тәртіп сақшысы екі аяғының сынуы, ішкі ағзаларының жарылуы, бас сүйек-мидың жабық жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Hyundai жүргізушісі ұсталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938299-atyrau-oblysynda-zol-apatynan-policei-qaza-tapty/