Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Олқылықтар таптық": Министр Түркістанда 5-сынып оқушысы көз жұмған мектеп жайлы айтты

Опубликовано:

Асхат Аймағамбетов
Асхат Аймағамбетов. Фото: www.kaznpu.kz

ОКҚ-да өткен онлайн брифингіде білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрлік Түркістан облысында 5-сынып оқушысының қайтыс болуына қатысты тергеу нәтижесін күтіп отырғанын мәлімдеді. Дегенмен, БҒМ білім беру мекемесіндегі олқылықтарды анықтап үлгерген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты тергеу жұмыстары, оның ішінде сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатқанын білесіздер. Біз соның нәтижесіне байланысты шаралар қабылдаймыз. Бұл - үлкен трагедия.

Қазір Түркістан облысындағы бірқатар білім беру ұйымында осындай фактілер бар екенін көріп отырмыз. Нақты себебін айтуға әлі ерте. Әжесінің сөздері шындыққа жанасқандықтан, тергеу нәтижесін күтеміз. Бірақ біздің әріптестеріміз сонда аттанып, мектеп қызметімен танысты.

Біз өз саламыздың шеңберінде мектептегі оқу-тәрбиелік процесті ұйымдастыру мәселесін қарастырдық. Үлкен олқылықтар анықтадық. Бұл мәселе бойынша тергеу нәтижесіне қарамастан тиісті шаралар қабылданады",- деді білім және ғылым министрі.

Еске салайық, Түркістанда ауыр жарақатпен ауруханаға түскен 5-сынып оқушысы қайтыс болған еді. Жеткіншектің туыстары бала мектептегі әлімжеттіктен көз жұмғанын айтып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938312-olqylyqtar-taptyq-ministr-turkistanda-5-synyp-oqusysy-koz-zumgan-mektep-zaily-aitty/

pixel