Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түнде қатты суық болды": Ақмола облысында орманда жоғалып кеткен ерлі-зайыпты дін аман табылды

Опубликовано:

Ерлі-зайыптылар
Қайыржан мен Алтынай Баялиндер. Фото: Ақмола облысының полиция департаменті

Ақмола облысында орманда адасып қалған ерлі-зайыпты аман-есен табылды. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Құзырлы органның мәліметінше, 20 қазан күні сағат түнгі 12 шамасында Қайыржан мен Алтынай Баялиндердің ұлы хабарласқан. Ол ата-анасының көлікпен Қошқарбай ауылына шыққанын алайда жолда дөңгелегі бұзылғанын айтқан.

Осыдан кейін ерлі-зайыпты көлікті қалдырып, арықарай ауылға жаяу тартқан. Бұл ретте 66 жастағы отағасы жолды таба алатынына сенімді болған. Алайда кеш батып олар адасып қалған, сөйтіп ұлдарына хабарласқан.

Ол өз кезегінде көмек сұрап полицияға жүгінген. Түні бойы еріктілер мен тәртіп сақшылары жақын маңдағы ауыл аймақты аралап шыққан. Зейнеткерлерді іздестіру жұмыстарына 140 адам тартылған.

21 қазанда шамамен сағат 14.00-де ерлі-зайыпты Бәйтерек ауылынан 25 шақырым жердегі орман алқабынан табылған.

Алтынай Балтақожақызының сөзінше, түнде орман өте суық болған. Жолды табамыз деп олар қатты шаршап қалған.

Оның үстіне жұбайы Қайыржан Баржақсымұлы таяқтың көмегімен қозғалған.

Дін аман табылған зейнеткерлер өздерін іздеуге атсалысқан барлық жанға алғысын жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938322-tunde-qatty-suyq-boldy-aqmola-oblysynda-ormanda-zogalyp-ketken-erli-zaiypty-din-aman-tabyldy/

pixel