RU

Алматыда жақындары арбаға таңылған туысын жер-көктен іздеуде

Игорь Прошкурин
Игорь Прошкурин/кадр: КТК арнасынан

Алматыда бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жан Игорь Прошкурин іздестірілуде. Ол 11 күн бұрын арбасымен көшеге шығып, хабар-ошарсыз кеткен деп хабарлайды КТК арнасы.

Туыстарының сөзінше, 52 жастағы Игорь таза ауа жұтып өз бетінше серуендеуге жиі шығып тұрады. Ал қайта оралмай із-түзсіз жоғалғаны алғаш рет екен.

Бірақ олар ер адамның психологиялық ауытқуы болғандықтан, ұмытшақ келетінін жасырмайды.

Іздеу жұмысына полиция мен еріктілер қосылған. Дегенмен әзірге нәтиже жоқ. Жақындары болса, Игорьдің суретін жан-жаққа іліп, өткен-кеткен адамдардан сұрастырып, үмітін үзбей отыр.  

"Атамызды іздеп жатырмыз. Үйден шығып кеткеніне 11 күн болды. Алматылықтарға өтініш: көрген-білгендер болса, 8 702 171 40 31, 8 702 277 70 17 нөміріне немесе полицейлерге хабарласыңыздар", - дейді қайын атасын іздеуші Қамбар Букавадзе.

Дереккөз КТК арнасы

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақмола облысында орманда жоғалып кеткен ерлі-зайыптының дін аман табылғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938331-almatyda-zaqyndary-arabaga-tanylgan-tuysyn-zer-kokten-izdeude/