Нұр-Сұлтанда бір ай бұрын жоғалған 17 жастағы бойжеткен табылды
Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда полиция із-түзсіз жоғалып кеткен 17 жастағы бойжеткенді тапты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Кәмелетке толмаған бойжеткен 24 қыркүйекте жоғалып кеткен. Оны іздеуге елордалық полицияның жеке құрамы тартылды, сондай-ақ іздеу ісі қозғалды.
"Іздеу шаралары барысында тәртіп сақшылары жоғалған бойжеткен баруы мүмкін жердің бәрін тексеріп шықты. Оны соңғы рет көрген адамдардан жауап алынды. Қабылданған шаралар арқасында 17 жастағы бойжеткен Нұр-Сұлтандағы "времянкадан" табылды. Ол бөлме жалдап тұрған. Бойжеткен туыстарымен жанжалдасып, үйінен кетіп қалыпты. Қазір кәмелетке толмаған бойжеткен үйде отбасымен бірге", - деп мәлімдеді полиция департаменті.
Белгілі болғандай, бойжеткен бұған дейін 11 рет үйінен қашқан.
Полиция қызметкерлері ата-аналарға бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау қажет екенін ескертті. Әдетте, отбасылық ұрыс-керіс балаларды үйден қашуға итермелейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938354-nur-sultanda-bir-ai-buryn-zogalgan-17-zastagy-qyz-tabyldy/