Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19: Қазақстанның қай өңірлері "сары" және "жасыл" аймақта тұр

Опубликовано:

Тәжвирус1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

2021 жылғы 22 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жариланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес:

"Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

"Сары" аймаққа Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары кірген.

Ал "жасыл" аймақта Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары орналасқан.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда өткен тәулікте 1742 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болған еді.

Жалпы ел бойынша коронавирус дертімен ауырғандар саны 924 802 адамға жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938361-covid-19-qazaqstannyn-qai-onirleri-sary-zane-zasyl-aimaqta-tur/

pixel