Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарлық ер адам қызғаныштан ғашығын бірнеше рет пышақтап тастаған

Опубликовано:

Пышақ
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Павлодар облысының тұрғыны ғашығын қызғаныштан өлтірді деп хабарлайды Polisia.kz.

"Маусым айында Успен аудандық полициясына ауыл тұрғыны хабарласты. Ер адам қорыққан дауыспен үйінің ауласында 28 жастағы жергілікті тұрғынның өлімі тіркелгенін айтты. Келген полиция қызметкерлері куәгерлерді тексеріп, оқиға орнына мұқият тексеру жүргізді. Бұл іс тергеу полиция бөлімі бастығының орынбасары Асқар Аралбаевқа, сондай-ақ аға тергеуші Мақсат Дүйсембаевқа тапсырылды", – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Барлық жағдайды зерттеу, сондай-ақ куәгерлермен сұхбаттасу кезінде полиция марқұмның Успенка ауылының 61 жастағы тұрғынымен біраз уақыт қарым-қатынаста болғанын анықтады. Бірақ ер адамның үнемі жанжалдары мен шабуылдарының салдарынан бірге өмір сүре алмаған. Сондықтан ол сүйіктісінен кетуді шешіпті. Алайда, барар жері болмағандықтан, ол танысының үйінде уақытша тұрған.

Көп ұзамай Павлодардан үй иесіне досы қонаққа келеді. Осылайша, қаладан келген қонақ пен әйелдің арасында сезім пайда болып, олар қалаға бірге оралуды шешеді.

Осы тұста бұрынғы сүйіктісінің жаңа қарым-қатынас бастап, ауылдан қалаға кетіп жатқанын білген 61 жастағы ауыл тұрғыны ашуға берілген. Ол шамадан тыс ішімдік ішіп, пышақ алып, әйел уақытша тұратын үйге бет алады.

Ер адам онымен сөйлесуге тырысқан, тіпті оны оралуға көндірген. Сәлден кейін азамат қалтасынан пышақ алып, бұрынғы сүйіктісінің кеудесіне сұғып алады. Ол ашу үстінде әйелді қайта-қайта пышақпен ұрған..

Қаскүнем үйден шығып, белгісіз бағытта қашып кеткен. Үй иесі дереу жедел жәрдем шақырып, полицияға қоңырау шалған. Өкінішке қарай, келген медицина қызметкерлері ауыл тұрғынының қайтыс болғанын анықтайды.

Ал полиция қызметкерлері қысқа уақыт ішінде күдіктінің тұрған жерін анықтап, ұстады. Ол Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеумен 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1938386-pavlodar-oblysynyn-turgyny-gasygyn-qyzganystan-birnese-ret-pysaqtap-tastady/

pixel