RU

Павлодарда жалақы сұрап келген жұмысшысын атып өлтірген кәсіпкерге үкім шықты

мылтық
Көрнекі фото: Хабар 24

Павлодарда жалақысын сұрап келген жұмысшыны атып өлтірген кәсіпкерге үкім шықты. Енді ол 18 жыл өмірін түрмеде өткізеді деп хабарлайды КТК.

Адам шошырлық бейнеролик сот отырысында негізгі айғақ ретінде қаралды.  Оқиға облыс орталығының шетіндегі өндірістік аймақта болыпты.

Сол күні 27 жастағы Андрей Шиллер айлығынан қалған 20 мың теңгесін даулап келеді. Аздап ащы су ұрттап алған ол бастығын балағаттап, сол жерден шықпай қойыпты.

Ал кәсіпкер ғимаратты жалға беріп отырған 55 жастағы бизнесменді көмекке шақырған. Ашуға булыққан азамат жігітті алғашқыда соққыға жығып, артынан мылтықпен атып тастаған.

"Заң бойынша мұндай қылмысқа 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе мүлкін тәркілеп, өмір бойына бас бостандығынан айыру қарастырылған. Алқа билердің келісімімен Б. есімді азаматты бұзақылық әрекетпен адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді", - Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Ағеділ Ибраева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938395-pavlodarda-zalaqy-surap-kelgen-zumyssysyn-atyp-oltirgen-kasipkerge-ukim-syqty/