Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір жасында барлық қиындықты көрді": Ақтаулық сәбидің анасы ұлының емі үшін жұмада көмек сұрады

Опубликовано:

Әлихан Жеткізген
Әлихан Жеткізген: Instagram

Ақтау қаласының кішкентай тұрғындарының бірі Әлихан Жеткізген туғалы бері өмір үшін күресіп келе жатыр. Анасының денсаулығына байланысты мерзімінен бұрын, 32 аптасында өмірге келген бүлдіршінге бүгінде дәрігерлер нақты диагноз қоя алмай жатыр. Осы уақыт аралығында бірнеше рет жансақтау бөліміне түсіп, наркоз алып үлгерген Әлиханның шұғыл түрде қанын тексеру керек деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлихан 2020 жылы қарапайым отбасында дүниеге келген. Ол 32 аптасында, мерзімінен бұрын туылғандықтан, салмағы 1 келі 950 грамды құрады. Содан бері ата-анасы ұлы үшін талай дәрігерге барып, талай емхананың есігін қақты. Бүгінге дейін ешкім Әлиханның диагнозын дөп басып айта алар емес.

"Әлихан мерзімінен бұрын туылғасын, денсаулығында кінәрат көп болды. Ол жатырішілік гипоксияға ұшырады. Яғни, құрсақта жатқан кезінен миына ауа жетпеген. Екі рет екі жақты пневмониямен ауруханаға жаттық, асқазан-ішек жолдары да ауырады. Ақуызға аллергиясы бар, кез келген тамақты жей алмайды. Кішкентай балапаныма панкреатит деген диагноз да қойылды. Екі айынан бастап анемиясы бар, тіпті, гемоглобині қатты төмен болғандықтан, оған бір рет қан құйдық. Әлихан өз қатарластарынан біраз артта келе жатқан соң, оны айтарлықтай қинаған жоқпыз», - дейді анасы Сания Қармысова.

Бір жасар Әлихан уақытылы еңбектеген жоқ. Оған арқасынан ішіне қарап аунаудың өзі өте қиын болатын.

"Ішімен жата алмады. Ішпен жату үлкен күш еді. Аяғының тартылып қалған кездері де көп болды. Осыдан соң Алматыдағы жақсы невропатологтарға көріндік. Олар уақыт өте келе баламыз қатарластарын қуып жететінін айтып, мәз болып, Ақтауға қайтқанбыз. Алайда, уақыт өте келе ештеңе де өзгерген жоқ. Баламызда жаңа қылықтар шықпады. Содан соң жергілікті дәрігерлерге қаратып, олар церебральды сал ауруы диагнозын қойды.

Біз мұндай ауыр жағдайды қабылдай алмай, Нұр-Сұлтан қаласындағы дәрігерлерге көрсеттік. Өйткені, бір жасында балам тек қана ішпен жататын. Астаналық дәрігерлер де баланы толық қараған соң, орта деңгейдегі спастикалық диплегия диагнозын қойды. Қазір Әлиханға мүгедектік тағайындалды. Елордада бірнеше рет оңалту орталықтарында ем алдық", - дейді сәбидің анасы.

Бүгінде Әлихан астанадағы ең мықты реабилитологтан ем алып, жайлап еңбектей бастаған. Бірақ дәрігерлер оның қанында күмән бар екенін айтуда.

"Ұшып баруымызды айтпағанда, жай ғана ем алғанымыз 700 мыңға шықты. Бірінші курстан соң Әлихан жақсарып қалды. Жайлап еңбектей бастады. Екінші курстан соң ұлымызда оң өзгерістер болуы керек еді. Бірақ дәрігер мұндай өзгерістерді көре алмай, қанын тексертуді ұсынды. Өйткені, гемоглобиннің төмендігі бәріне кедергі келтіріп тұр еді. Кейін гематолог бізге Әлиханың қан құрамындағы эритроциттер мен лейкоциттердің тым төмен екенін айтып, тез арада емдеу керектігін жеткізді.

Бүгінде біз Стамублдан шақырту алдық. Дәрігердің айтуынша, қан ауруы болуы мүмкін. Осы орайда, бір жасында бүкіл қиындықты басынан өткерген ұлымыз үшін көмек сұраймыз. Біздің қарапайым отбасымыз үшін 10 миллион теңге табу қиынға соғып тұр. Баламыздың бақытты болғанын қалаймыз, көмектесіңіздерші", - дейді анасы.

Әлиханға көмектесем деушілер үшін реквизит:

Kaspi Gold 4400 4301 9949 4516

SANIYA KARMYSSOVA

ИИН 961206400652

Телефон +7776-802-12-62

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1938398-bir-zasynda-barlyq-qiyndyqty-kordi-aqtaulyq-balaqaidyn-anasy-ulynyn-emi-usin-zumada-komek-surady/

pixel