RU

Қазақстанда министрлік пен әкімдік сайттары істен шықты

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанда бірқатар мемлекеттік орган сайттары істен шықты. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ жағдайды түсіндіріп берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақау министрліктердің, комитеттердің, департаменттердің, сондай-ақ бірқатар әкімдіктің сайттарында байқалды. Әңгіме gov.kz домені бар порталдар туралы болып отыр. Онда сайт беттері өздігінен жүктелмейді, оның орнына экранда "ағымдағы тілді баптау" жазуы пайда болады.

Айта кетейік, президент сайты мен үкіметтің, Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайты қалыпты түрде жұмыс істеп тұр. Бұл жағдайға қатысты NUR.KZ тілшісіне "ҰАТ" АҚ баспасөз қызметі пікір білдірді.

"Қазіргі уақытта МО ИРБП жобасындағы (мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы - ред.) ақауларды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938450-qazaqstanda-ministrlik-pen-akimdik-saittary-isten-syqty/