RU

Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

Тұман
Көрнекі сурет: pixabay.com

Синоптиктер алдағы үш күнге, яғни 23-25 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады.

Қазақстанның бірнеше өңіріне Иран аудандарынан жылы ауа массалары келе бастайды, бұл ауа температурасының біртіндеп көтерілуіне әкеледі.

Тек Қазақстанның батыс өңірлерінде ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Дегенмен, ел аумағында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашынның түсуі жалғасбақ.

Еске сала кетсек, бұған дейін синоптиктер қарашада елімізде ауа райы қандай болатынын болжаған еді.

Мамандардың болжамынша, қараша айының бірінші жартысы жылы болады. Еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасының түнде -3+2 градустан -8-13 градусқа дейін, күндіз +3+10 градустан -2+3 градусқа дейін ауытқуы күтіледі.

Айдың екінші жартысында сынап бағанасы түнде -17-25°С-қа дейін, күндіз -8-13°С-қа дейін, шығыста түнде -30°С-қа дейін, күндіз -18°С-қа дейін төмендеуі ықтимал.

Қарашаның үшінші онкүндігінде аяздың бәсеңдеуі күтіледі. Еліміздің батысы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен жылбысқы қар түріндегі жауын жаууы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938458-aldagy-demalys-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/