Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық ғалымдар мысықтарға арналған коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапты

Опубликовано:

Коронавирус
Фото: Inform media ақпараттық агенттігі

Нұр-Сұлтан қаласында өткен Kazagro/Kazfarm-2021 ірі халықаралық көрмесінде қазақстандық ғалымдар алғаш рет COVID-19-ға қарсы мысықтарға арналған жаңа NARUVAX-C19 (pets) суббірлікті вакцинаны таныстырды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Біздің кейбір үй жануарларымыз, атап айтқанда, мысықтар осы инфекцияны (COVID-19 -ред.) тез жұқтырады және вирустың мутацияға ұшырауына әсерін тигізіп жатады", - дейді Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы халықаралық вакцинология орталығының директоры Қайсар Табынов.

Оның айтуынша, NARUVAX-C19 (pets) вакцинасы мысықтарда жан-жақты сыналған, нәтижесінде оның SARS-COV-2 вирусынан қорғауға қабілетті екені анықталған.

"Осы вакцинаның көмегімен біз жануарлар әлемін COVID-19-дан қорғай аламыз деп үміттенеміз. Біздің бейіндік министрліктің (ауыл шаруашылығы министрлігі) осы ұмтылысымызды қолдайтыны қуантады", - дейді Қайсар Табынов.

Ғалым сонымен қатар жануарларға арналған коронавирустық вакцина құрамы бойынша адамдарға арналған вакцинадан мүлдем өзгеше екенін атап өтті.

"Бұл мүлдем басқа вакцина, атап айтқанда оның адъюванты - антигенге иммундық реакцияны күшейтетін компонент", - дейді ол.

Айта кету керек, мысықтарға арналған вакцинаны жасау үшін ҚазҰАУ жанындағы ХМО және ДСМ аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының ғалымдары еңбек еткен.

Әлемде де жануарларға арналған COVID-19 вакциналары жасалуда. Мұны ірі фармацевтикалық компаниялар өндіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938515-otandyq-galymdar-mysyqtarga-arnalgan-koronavirusqa-qarsy-vakcina-oilap-tapty/

pixel