Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыз баланың жерлеуіне ақша жинап жатыр": Атырау полициясы халықты алаяқтардан абай болуға шақырды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Атырау полициясы 6-қабаттан құлап кеткен баланың жерлеу рәсіміне ақша жинап жатқан алаяқтардан абай болуға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 қазанда Атырау полиция басқармасына 43 жастағы әйел жүгінген. Ол әлеуметтік желіде әлдекімдер терезеден құлап кеткен қызының жерлеуіне ақша жинап жатқанын айтқан.

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігі бойынша (Алаяқтық) қылмыстық іс тіркелді. Күдікті іздестіріліп жатыр", - деп хабарлады өңірлік полиция департаментінен.

Осы ретте тәртіп сақшылары алаяқтарға сенбеуге шақырады.

алаяқтар
Скриншот: Әлеуметтік желілер

Еске сала кетсек, 20 қазандаАтыраудағы "Нұрсая" шағын ауданында орналасқан тұрғын үйдің 6-қабатынан 5 жасар қыз бала құлап кеткен еді.

Дәрігерлер бүлдіршіннің өмірін сақтап қалу үшін бар күш-жігерін салғанымен баланы құтқарып қалу мүмкін болмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938519-qyz-balanyn-zerleuine-aqsa-zinap-zatyr-atyrau-policiyasy-xalyqty-alayaqtardan-abai-boluga-saqyrdy/

pixel