RU

Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешенінің шатырындағы конструкция әйелдің үстіне құлап кетті (видео)

Шатыр
Видеодан кадр: zakon.kz

Елордада тұрғын үй кешенінің шатырындағы конструкция әйел адамның үстіне құлап кетті. Зардап шеккен тұрғын қазір жансақтау бөлімінде жатыр деп хабарлайды zakon.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы болған жайтқа қатысты пікір білдірді.

"Басынан көптеген жарақат алған науқас №2 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Аурханаға түскенде жағдайы ауыр болды. Әйелге шұғыл ота жасалды. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.

Сонымен қатар, дәрігерлер барлық тиісті ем-домды жасап жатқаны, пациент медицина қызметкерлерінің қатаң бақылауында екені атап өтілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодарда 11 жасар бала жеке үйдің аумағындағы шұңқырға құлап кеткенін жазған едік.

Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 4 құтқарушысы мен 1 бірлік техника жеткен. Құтқарушылар келген бойда шұңқырға түсіп, альпинистік құрал-жабдықтардың көмегімен баланы шығарып алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938523-nur-sultanda-turgyn-ui-keseninin-satyryndagy-konstrukciya-aieldin-ustine-qulap-ketti-video/