Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда көлігінің сыртына бейәдеп сөздер жазған жігіттің басы дауға қалды

Опубликовано:

Көлік
Видеодан кадр: polisia.kz

Атырауда көлігінің сыртына бейәдеп сөздер жазған жігіт айыппұл арқалады деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қазан күні сағат 18:23 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері Афанасьева көшесінің бойынан сыртына әртүрлі сөздер жазылған Ваз-21144 маркалы автокөлігін байқап, тоқтатқан.

Тексеру кезінде аталған көліктің сыртында бейәдеп сөздер жазылып тұрғаны белгілі болған.

Осыдан кейін 19 жастағы көлік жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 590-бабы10-бөлігі бойынша (Көлік құралының сыртына бейәдеп сөздер жазылған күйнде жүргізгені үшін) әкімшілік хаттама толтырылған. Оған 58 340 теңге теңге көлемінде айыппұл салынды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы тұрғыны жаяу жүргіншілер өткелінде сальто жасағаны үшін жазаланғанын жазған едік.

Желіде тараған видеодан жігіт көліктен түсіп, бағдаршамның жасыл түсіне тоқтап, жаяу жүргіншілер өткелінде бірнеше рет сальто жасағанын көруге болады.

Ер адамға 2 АЕК, яғни 5,8 мың теңге айыппұл салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938527-atyrauda-koliginin-syrtyna-beiadep-sozder-zazyp-algan-zas-zigit-ustaldy/

pixel