Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекеттік кірістер комитеті қандай ақпаратқа сыйақы берілетінін жария етті

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Мемлекеттік кірістер комитеті қазыналық чекті бермегендер немесе картамен төлем қабылдаудан бас тартқандар туралы ақпаратты хабарлаған азаматқа сыйақы беретінін мәлімдеді деп хабарлайды КТК арнасы.

Мемлекеттік кірістер комитеті елімізде "Азаматтық бақылау, чек талап ет" акциясы басталғанын хабарлады. Шараға барлық адам қатыса алады.

Ұялы телефон теңгерімін 1000 теңгеге толтыру үшін қазақстандықтар арнайы мобильдік қосымшаны жүктеп, онда заңбұзушылық дерегі болған орнын және уақытын көрсетуі тиіс. Егер мәлімет расталса, белсенділер уәде етілген ақшалай сыйақыны алатын болады.

Ал заң талабын бұзған кәсіп иелері "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" Кодекске сәйкес жазаланады.

Салық органдары алдымен кәсіпкерлерге ескерту жасайды, ал екінші рет құқықбұзушылық тіркелсе, 40 мыңнан 150 мыңға дейін айыппұл төлеуге міндеттеледі.

Дереккөз: КТК арнасы

Еске салсақ, бұған дейін Қызылорда облысында жемқорлық туралы хабар бергендерге 15 млн теңге сыйақы тағайындалғаны туралы жазған едік.

Оның ішінде үш азаматқа параның 10 проценті шеңберінде, яғни, 3-8 млн теңге көлемінде біржолғы ақшалай сыйақы тағайындалған. Бұл сыйақы қылмыскерге қатысты сот үкімі шығып, айыпты деп танылғанда ғана беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938538-memlekettik-kirister-komiteti-qandai-aqparatqa-syiaqy-beriletinin-zariya-etti/

pixel