Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екпе алмаған елорда тұрғыны вакцина құжатынан өз есімін көріп, аң-таң болған

Опубликовано:

Елорда тұрғыны
Кадр: "Хабар 24"

Елорда тұрғынына мүлде вакцина салдырмағанына қарамастан, екпе алғаны туралы хабарлама келген, деп жазады "Хабар 24".

Гүлсара Хасанова денсаулығы сыр беріп, қазір ем-дом алып жүр. Сондықтан коронавирусқа қарсы вакцина салдыра алмаған. Арнайы құжатпен қала ішінде жүріп тұрады. Бірақ тосыннан вакцина салдырғаны жайлы хабарлама келгесін, Гүлсара e-gov-тан мәліметтерін іздейді.

"12 қазан күні хабарлама келді. Онда вакцина құжаты дайын екені жазылған. Бірақ мен екпе алған емеспін. Денсаулығыма байланысты кейінге шегердік. Вакцина алмаған адамға қалайша егілді деп құжат шығаруға болады? Кейін осы үшін үстімнен іс қозғалмасына кім кепіл?", - дейді қала тұрғыны Гүлсара Хасанова.

Гүлсара елордада жүрсе де, вакцинаны басқа алыс ауылдан алғаны көрсетілген. Мекеменің дәрігері болса, бұл жайтқа бір санның қате теріліп кетуі себеп болғанын айтуда.

"ЖСН нөмірден бір сан қате кеткен. Қазір мен облысқа құжаттар жолдап отырмын. Келесі аптада бұл мәселе шешімін табу керек", - дейді дәрігер Мөлдір Санақова.

Дәрігер ЖСН нөмірді қате толтырған. Сондықтан екпе алмаған тұрғында вакцина құжаты пайда болған. Мұндай жағдайға тап болсаңыз, ең алдымен жергілікті емханаға өтініш қалдырып, жауап күтесіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938544-ekpe-almagan-elorda-turgyny-vakcina-quzatynan-oz-esimin-korip-an-tan-bolgan/

pixel