Елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады
Опубликовано:

23-25 қазан аралығында еліміздің барлық дерлік өңірінде қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Болжам бойынша, жақын күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. Тек батыс өңірлерде ауа температурасы төмендейді.
Сондай-ақ, республиканың барлық дерлік өңірінде қар аралас жаңбыр болады деп күтіледі.
Еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болмақ?
"Қазгидрометтің" ресми сайтында хабарланғандай, сенбі және жексенбі күндері еліміздің мегаполистерінде ауа райы келесідегідей болмақ:
Нұр-Сұлтанда күндіз ауа температурасы +9-дан +13 градусқа дейін, түнде +2-ден +6-ға дейін жылы болады. Сенбі күні түнде жаңбыр мен қар жауып, жексенбіде түстен кейін аздап жаңбыр себелейді деп күтілуде.
Алматыда күндіз сынап бағанасы +5-тен +12 градусқа дейін, түнде -2-ден +2-ге дейін жетеді. Сенбі күні түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), сондай-ақ жолдарда тұман мен көктайғақ күтіледі.
Шымкентте күндіз ауа температурасы +12-ден +15 градусқа дейін, түнде -1-ден +4 градусқа дейін жетеді және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938548-elimizde-demalys-kunderi-aua-raiy-qandai-bolady/