Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында 70 жастағы енесін соққыға жыққан келін қамауға алынды

Опубликовано:

алаяқ әйел
Көрнекі фото: polisia.kz

Қызылорда облысында енесін ұрып-cоққан келін жазаланды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Шиелі ауданында болған. Аудандық полиция бөліміне жергілікті азаматтан арыз түседі. Онда қолында тұратын 44 жастағы келіні өзін ұрып-соққаны айтылған.

"Хабарлама негізінде бөлімнің учаскелік полиция инспекторлары тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде келіні 70 жастағы енесін ұрып-соққаны анықталды. Келіні 30 тәулікке қорғауға алынды. Қазіргі күні бұл отбасымен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде", - деп мәлім етті Шиелі аудандық полиция бөлімінен.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қызылорда облысында иен даладан белгісіз азаматтың денесі табылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Тергеу органы қайтыс болған ер адам осыған дейін хабар-ошарсыз жоғалып кеткен С.Бегімбай болуы мүмкін деп болжайды.

Қазіргі уақытта, оқиға болған жерде жедел тергеу тобы мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938554-qyzylorda-oblysynda-70-zastagy-enesin-soqqyga-zyqqan-kelin-qamauga-alyndy/

pixel