Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус құрбандары көбеюде: Елімізде тағы 34 адам көз жұмды

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: today.kz

Өткен тәулікте елімізде 34 адам коронавирустан көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Оның алтауы коронавирус белгілері бар пневмониядан, 28 адам коронавирустан қайтыс болған.

23 қазандағы мәлімет бойынша, 50 869 адам коронавирус инфекциясынан (44 687 коронавирустан және 6 182 пневмониядан) емделуде, олардың ішінде 8 750 пациент стационарда, 42 119 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандардың арасында:

  • 631 адамның жағдайы ауыр,
  • 162 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 107 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін өткен тәулікте Қазақстанда тағы 1732 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған болатын.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында - 172,

Алматы қаласында - 234,

Шымкент қаласында - 44,

Ақмола облысында - 148,

Ақтөбе облысында - 42,

Алматы облысында - 105,

Атырау облысында - 29,

Шығыс Қазақстан облысында - 110,

Жамбыл облысында - 33,

Батыс Қазақстан облысында - 51,

Қарағанды облысында - 161,

Қостанай облысында - 131,

Қызылорда облысында - 40,

Маңғыстау облысында - 9,

Павлодар облысында - 225,

Солтүстік Қазақстан облысында - 165,

Түркістан облысында - 33 адам қатерлі індеттің құрығына іліккен.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 926 534-ке жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938558-koronavirus-qurbandary-kobeyude-elimizde-tagy-34-adam-koz-zumdy/

pixel