Коронавирустың таралуы бойынша қай өңірлер әлі де қауіпті аймақта
Опубликовано:

2021 жылғы 23 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Соңғы деректер бойынша:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта: Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін өткен тәулікте Қазақстанда тағы 1732 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған болатын.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында - 172,
Алматы қаласында - 234,
Шымкент қаласында - 44,
Ақмола облысында - 148,
Ақтөбе облысында - 42,
Алматы облысында - 105,
Атырау облысында - 29,
Шығыс Қазақстан облысында - 110,
Жамбыл облысында - 33,
Батыс Қазақстан облысында - 51,
Қарағанды облысында - 161,
Қостанай облысында - 131,
Қызылорда облысында - 40,
Маңғыстау облысында - 9,
Павлодар облысында - 225,
Солтүстік Қазақстан облысында - 165,
Түркістан облысында - 33 адам қатерлі індеттің құрығына іліккен.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 926 534-ке жетіп отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938571-koronavirus-taraluy-boiynsa-elimizdin-qai-onirleri-ali-de-qauipti-aimaqta/